Ауыл шаруашылығы министрлігі етті құжатсыз сататындарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды

Әрбір жануарға жеке нөмір беріледі, барлық дерек пен ветеринарлық рәсім тіркеледі.

Фото: APK News

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров малды жосықсыз жеткізушілер мен ветеринариялық құжатсыз мал өнімдерін сатып алушыларға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр ауылшаруашылығының барлық ақпараттық жүйесін біріктіретін платформа әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ауылшаруашылығы жануарларының бүкіл өмірлік циклін автоматтандыру Ауылшауаршылығы базасын бірдейлендіру базасында 7 қосымша сервис арқылы жүргізілуде.

Әрбір жануарға жеке нөмір беріледі, барлық дерек пен ветеринарлық рәсім тіркеледі. Фермерлер мен ветеринарлар электронды сервисті пайдалану арқылы уақытын үнемдеуге, қатерлер қаупін азайтуға мүмкіндік алады. 

«Алайда бұл шаралар тек мал иелері тарапынан жануарларды толық тіркеу жағдайында ғана іске асады. Осыған байланысты жануарлардың тіркеуін бақылауды күшейту, сондай-ақ ветеринариялық құжатсыз өнім алмасуға қатысты жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікке дейін қатаңдату қажет», – деп мәлімдеді ведомство басшысы Айдарбек Сапаров. 

Министр ветеринарияны одан ары трансформациялау заңға қажет өзгеріс енгізу арқылы жүргізілетінін атап өтті. Атап айтқанда, саланы толық цифрландыру, тауарлар қозғалысы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту, аудан әкімдіктерінің ветеринария бойынша құзыреттілігін арттыру көзделіп отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-16
Утром11.2 ℃
Днем22.91 ℃
Вечером23.06 ℃
Ночью14.82 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.39 м/с
2026-08-17
Утром10.41 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером29.04 ℃
Ночью19.99 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.79 м/с