Қазақстандықтар теміржол билетінің аздығына шағымдануда

Жазғы демалыс қызған шақта күніне екі мыңнан астам вагон жолға шығады. Алайда мұның өзі жолаушылар сұранысын толық жаба алмай отыр. Билет тапшылығына байланысты көпшілік электронды кезекке тұруға мәжбүр.

Ашық дереккөзден

Демалыс маусымы басталғалы алыс-жақын мекенге жол тартатындардың қарасы көбейді. Көбіне ұшақпен ұшу – қалтаға салмақ, көлікпен бару – машақат, ал үміт күткен теміржолда билет жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

«Хабар» телеарнасының жазуынша, жазғы демалыста жолаушылар теміржол билетін таба алмай жүр. Жыл басынан бері елде 10 миллионға жуық теміржол билеті сатылды. Оның 2 миллионы – тек маусым айында өткен.

«Жазғы демалыс қызған шақта күніне екі мыңнан астам вагон жолға шығады. Алайда мұның өзі жолаушылар сұранысын толық жаба алмай отыр. Билет тапшылығына байланысты көпшілік электронды кезекке тұруға мәжбүр»,- деп жазды басылым.

Ұлттық тасымалдаушы билет тапшылығы барын жоққа шығармайды. Дегенмен, мәселе күрделі емес дейді. Себебі кей бағыттарға қосымша пойыздар қосылған.

Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Ақтөбе бағыттарына қосымша пойыздар қосылды. Алакөлге сұраныс өте жоғары. Биыл бұл бағытта 13 маршрут жұмыс істеп тұр, оның төртеуі – тұрақты, тоғызы – маусымдық,- деді Ерлан Жимайлов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ сату департаментінің директоры.

Билет табылмаса, үміт –электронды кезекте.Мамандар жолаушыларға ресми сайт арқылы кезекке тұруды ұсынады. Биыл бұл жүйені 180 мыңнан астам адам пайдаланған. Алайда 40 пайызы ғана билеттерді сатып алған.

Компания өкілдерінің айтуынша, билет тапшылығын түбегейлі шешу мүмкін емес. Өйткені нақты қанша жолаушы жолға шығатынын алдын ала дөп басып болжау қиын. Барлық жоспар өткен жылдар көрсеткішіне сүйеніп жасалады. Сондықтан мамандар әр жолаушы ертерек қамданғаны дұрыс дейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-20
Утром18.46 ℃
Днем26.26 ℃
Вечером29.94 ℃
Ночью19.97 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.67 м/с
2026-05-21
Утром18.22 ℃
Днем24.78 ℃
Вечером24.13 ℃
Ночью17.91 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра8.94 м/с