Қазақстандық банктер сайтына калькулятор орнатып, клиенттерге алдын ала хабарлама жіберуге міндеттелмек

Бұған қоса банктердің клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдері айқындалады. 

Ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметтерін көрсету ережелеріне өзгерістер енгізбек. Енді банктер интернет ресурстарына калькулятор орнатып, клиенттерге алдын ала хабарлама жіберуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасынасәйкес, банктер қарыз бойынша ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін интернет-ресурсында калькулятор орналастыруға міндеттелмек. Сондай-ақ банктерден төлемдер мен аударымдар бойынша тарифтер көтерілгенге дейін 3 ай бұрын клиенттерді хабардар ету талап етілмек.

Бұған қоса банктердің клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдері айқындалады. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға және халықтың аз қозғалатын топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптарын ескере отырып, банктер мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да аз қозғалатын топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындауға тиіс.

«НҚА жобасы қаржылық қолжетімділікті арттыруға, кредиттеу шарттарының ашықтығын күшейтуге, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған», – делінген құжатта.

Қаулы жобасы 21 шілдеге дейін қоғам талқылауына шығарылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-12
Утром-4.3 ℃
Днем-1.31 ℃
Вечером0.29 ℃
Ночью0.32 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра5.48 м/с
2026-03-13
Утром0.55 ℃
Днем0.9 ℃
Вечером0.68 ℃
Ночью0.85 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра5.7 м/с