Мессенджерде ақпаратпен бөлісемін деп сотталып кетпес үшін не істеу керек?

Біреудің жеке суреті, мессенджердегі хат-хабары мен аудиожазбасын иесінің келісімінсіз жариялау жеке өмірге қол сұғу болып есептеледі.

Мессенджерде жазылған хаттарды өзгеге жолдауды әдетке айналдырған болсаңыз, абай болыңыз, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жеке мәліметті үшінші тұлғамен рұқсатсыз бөлісу адам құқығына қол сұғу болып саналады. Және бұл әрекет үшін заң алдында жауап беруіңіз әбден мүмкін. 
Біреудің жеке суреті, мессенджердегі хат-хабары мен аудиожазбасын иесінің келісімінсіз жариялау жеке өмірге қол сұғу болып есептеледі. Сондықтан жеке деректерді үшінші тұлғаға жібермес бұрын автордан рұқсат алу керек. Олай болмаған жағдайда заң тұрғысынан нақты жаза қарастырылған.

«Жеке хабарламалар, суреттер, мәліметтер оның барлығы жеке өмірдің құпиясы болып танылады. Бұл үшін Қылмыстық Кодекстің 147-бабына сәйкес екі жылға дейін бас бостандығыңнан шектелесің немесе айырыласың. Бірақ бұл қылмыстық істерді қозғау және өзіңнің құқығыңды қорғау тікелей сотқа жүгіну арқылы таратқан адамды қылмыстық жауапкершілікке тарта аласың», – деді заңгер Бағдат Амандосұлы. 

Ал бірнеше адам хат алмасатын чаттарға қатысты заң талабы басқа дейді заңгер. 
Маманның сөзінше, ондай топтар ашық және жабық болып бөлінеді. Егер ашық топта жазылған хабарлама азаматтың жеке өміріне қатысты құпия болмаса, онда жіберуге болатынын айтады. Ал жабық топтағы хаттарды рұқсатсыз жіберу заңға қайшы. Десе де бұл заңды халықтың бірі білсе, бірі білмейтін болып шықты. 
Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды. Сондықтан кінәңіз дәлелденсе, бас бостандығыңыздан айырылудан бөлек 2000 айлық есептік көрсеткіш, яғни 7 864 500 тг-ге дейін айыппұл төлеуіңіз мүмкін. 

Дереккөзі: informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром12.53 ℃
Днем24.28 ℃
Вечером28.95 ℃
Ночью21.82 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.14 м/с
2026-08-18
Утром18.39 ℃
Днем31.35 ℃
Вечером29.75 ℃
Ночью23.95 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.76 м/с