Оралда құбыр ауыстыруға байланысты 200-ден астам абонент ыстық сусыз қалды

Орал қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық барысында жылу және ыстық су құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ашық дереккөзден

«Жайықжылуқуат» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Бекболат Қамешовтің мәлім еткеніндей, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес 5-шағынауданда 4-орталық жылыту пунктінде 9-ыншы және 10-жылу камерасы аралығында диаметрі 133 мм жылу жүйесі, диаметрі 108 мм және 76 мм ыстық су құбыры ауыстырылады.

Оның сөзіне қарағанда, мұндағы құбырдың жалпы ұзындығы – 55 метр.

-Осыған байланысты 2025 жылғы 8 шілдеден 18 шілдеге дейін 5-шағынауданындағы 3, 4, 5-үйлерге ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Бұл шектеу 208 абонентке қатысты, — деді Б.Қамешов.

Мекеме басшысының айтуынша, қала бойынша кәсіпорын қаржысы есебінен 330,8 млн теңгеге ұзындығы 5,5 километр құбыр ауыстырылмақшы.

inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-13
Утром10.54 ℃
Днем18.84 ℃
Вечером18.27 ℃
Ночью17.97 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.07 м/с
2026-04-14
Утром13.97 ℃
Днем16.23 ℃
Вечером17.96 ℃
Ночью13.11 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.86 м/с