Қазақстанда медициналық колледждерге түсу үшін арнайы емтихан енгізілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп талапкерлер мен олардың ата-аналарын қабылдаудың жаңа шарттарымен мұқият танысуға және арнайы емтиханға алдын ала дайындалуға шақырады.

gov.kz

Елімізде медициналық колледждерге түсу үшін таңдалған мамандыққа байланысты екі пәннің біреуі бойынша арнайы емтихан енгізілді,- деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, арнайы емтихан стоматология мен ортопедиядан басқа барлық медициналық мамандыққа түсушілер үшін міндетті болады (оқу түріне қарамастан – 9 немесе 11 сыныптардың негізінде).

Емтихан бейіндік пәндер бойынша базалық білімді, сондай-ақ талапкердің мотивациялық деңгейін бағалауды қамтиды.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, осылайша, орта медициналық білім алатын мамандарды даярлау сапасына қойылатын талаптарды арттыру көзделіп отыр. Колледждерге түсу кезінде әділеттілік қамтамасыз етіледі.

«Бұл қоғамның медициналық кадрларды даярлау жүйесіне деген сенімін арттырудың алғашқы қадамы», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарын қабылдаудың жаңа шарттарымен мұқият танысуға және арнайы емтиханға алдын ала дайындалуға шақырады.

Қосымша ақпарат, тапсырма үлгілері, емтихан кестесі және өту ережелері ресми сайттардан, оқу орындарының ақпараттық жүйелерінен алуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-14
Утром-1.48 ℃
Днем1.23 ℃
Вечером1.55 ℃
Ночью-1.45 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.14 м/с
2026-03-15
Утром-4.83 ℃
Днем1.08 ℃
Вечером0.18 ℃
Ночью-2.46 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра3.72 м/с