Еліміздің кей азаматтарына кредитін кейін өтеуге мүмкіндік берілді

Агенттік осылайша микрокредит беру қағидалары мен банк қарызы шартының талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген.

Фото: Pixabay

Мұндай жаңашылдықты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Агенттік осылайша микрокредит беру қағидалары мен банк қарызы шартының талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

– Жоба қаржы нарығын дамыту, қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау, артық заңнамалық регламентті болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды іске асыруға әзірленді, – деп жазылған құжатта.

Өзгерістер ең маңызды екі жайтты көздейді. Оның бірі әлеуметтік осал топқа жататын және төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтардың қарызын өтеуін кейінге қалдыруды енгізу болса, екіншісі – растайтын құжаттар болған кезде қарыз алушының, яғни әлеуметтік осал топқа жататын және төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтың табысы төмендеген кезде комиссиясыз кемінде үш айға кейінге қалдыру міндетін белгілеу. 

– Өзгерістер мен толықтырулар әлеуметтік осал топқа жататын азаматтармен жалпы қарыз алған жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қарыз алушылардың банктік қарыз, микрокредит шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарау кезінде банк пен микроқаржы ұйымдары қызметінде ашықтық пен біркелкілікті қамтамасыз етуге бағытталған, – деп қоса кетті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром13.73 ℃
Днем23.46 ℃
Вечером28.49 ℃
Ночью20.94 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра7.96 м/с
2026-08-18
Утром18.09 ℃
Днем31 ℃
Вечером31.64 ℃
Ночью25.35 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.58 м/с