Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Жеке кредиттеу нарығын «салқындату» бойынша қабылданып жатқан микро және макропруденциялық шаралардың әсері біртіндеп күшейеді деп күтілуде.

Ашық дереккөзден

Ұлттық банк 11 шілдеде базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін жариялады – базалық мөлшерлеме бұған дейінгі 16,5% деңгейінде қалды. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталық банк мәліметінше, инфляциялық факторлардың қалыптасқан балансы, оның қазіргі қарқынды динамикасы, проинфляциялық үрдістер мен сыртқы ортадағы белгісіздік базалық мөлшерлемені қазіргідей деңгейде 2025 жылдың соңына дейін сақтау ықтималдығына айтарлықтай себеп болған.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады», – делінген банк хабарламасында.

Жылдық инфляция маусымда 11,8% болса, негізгі сауда-серіктесіміз Ресейде инфляцияның баяулауына байланысты сыртқы инфляциялық қысым біршама әлсіреген. Сондай-ақ қаңтар-мамыр айларында экономикадағы өсім 6%-ды көрсеткен.

«Қазіргі жағдайда ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты Ұлттық банктің қосымша шараларымен бірге инфляцияның өсуін тежейтін болады. Жеке кредиттеу нарығын «салқындату» бойынша қабылданып жатқан микро және макропруденциялық шаралардың әсері біртіндеп күшейеді деп күтілуде», – делінген хабарламада.

Ақша-кредит саясаты комитеті қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін екені атап өтілді.

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім болжамды раундтың нәтижелеріне негізделеді, оның аясында макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары да жаңартылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 29 тамызда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем-0.82 ℃
Вечером0.24 ℃
Ночью-0.1 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-3.33 ℃
Днем-5.7 ℃
Вечером-9.13 ℃
Ночью-12.67 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.69 м/с