БҚО-да биылғы алты айда 125 мыңнан астам жол ережесі бұзылған

Биылғы жарты жылдықта көлікті мас күйінде айдаған 740 жүргізуші ұсталды.

egemen.kz

БҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Александр Плешаковтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, осы мерзімде көлікті мас күйінде айдаған 740 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ 9 мыңнан астамы көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзған.

Оның сөзіне қарағанда, 3 230 жүргізуші бағдаршамның қызыл белгісіне қарамастан, өтіп кеткен. 2,5 мыңдайы ұялы телефон пайдаланған. 59 мыңнан астамы жылдамдық режимін сақтамаған.

А.Плешаковтың айтуынша, оған қоса белгіленбеген жерден жолдан өткен 10 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мас күйінде рульге отырған 676 жүргізуші, ал соңғы бес жылда 10 874 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды. Соның ішінде бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылса да, 87-сі рульге мас күйінде қайта отырған, енді оларға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

-Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жолды күтіп ұстау маңызды. Осы бағытта биыл 1 250 тексеру жүргізіліп, кемшіліктерді жою үшін ұйғарымдар берілді. Жолды күтіп ұстамағаны үшін 166 лауазымды қызметкер, соның ішінде 98 бірінші басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді А.Плешаков.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-18
Утром-25.79 ℃
Днем-17.27 ℃
Вечером-18.9 ℃
Ночью-17.89 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.22 м/с
2026-01-19
Утром-12.97 ℃
Днем-9.63 ℃
Вечером-8.84 ℃
Ночью-9.84 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.2 м/с