Елімізде доллар 6 теңгеге қымбаттады
Дүйсенбіден бастап американдық валюта бағамы күнделікті өсуді көрсетеді. Кеше KASE Қазақстан қор биржасында өткен сауда-саттық 526,50 теңгемен аяқталды.

Бүгін, 17 шілдеде Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 532,74 теңге болды. Ол бір тәулік ішінде 6,05 теңгеге өсті.
Ал рубльдің орташа сараланған бағамы 6,81 теңгеге (+0,06) дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 532,9-535,5
теңге, еуро 614,5-619,5 теңге, рубль 6,69-6,81 теңге аралығында сатылуда.
Оралда демалыс күндері доллар бағамы екі теңгеге өсіп, бір доллар үшін 520,93 теңгені құрады. Айырбастау пункттері американдық валютаны 530 теңгеден сатып алып, 537 теңгеден сатады.
Айта кетейік, АҚШ долларына мұндай бағам соңғы рет 2025 жылдың қаңтарында болған. Кейіннен американдық валюта бір доллар үшін 495 теңгеге дейін «арзандады» (2025 жылғы ақпанда).
Орал айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы 17 шілдеге (kurs.kz деректеріне сәйкес ): АҚШ доллары: сатып алу-530-531 теңге, сату-536-537 теңге.
Еуро: сатып алу-615-616 теңге, сату-624-626 теңге.
Ресей рублі: сатып алу-6,65-6,67 теңге, сату-6,80-6,85 теңге.
