Киік мүйізімен ұсталғандардың бәрі экологиялық айыппұл төлемейді

Қазақстанда киік мүйізін тасымалдау бойынша қылмыстық іс құрамы жағдайға байланысты сараланады.

БҚО-дағы киік популяциясы

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан 14 шілдеде президент қол қойған қылмыстық заңнама бойынша бірқатар бап нақтыланғаны туралы жазды.

Ең бастысы, киік дериваттары мен бекіре балығы өнімдеріне қатысты жаза бірнеше санатқа жіктеледі.

Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 339-бабының («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») аясында киік мүйізін немесе қызыл балық өнімдерін сақтаған, тасымалдаған немесе сатқан азаматтар браконьерлермен тең жазаланды. Сот айыпталушыларды миллиондаған теңге залалды өтеуге міндеттейтін.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның сөзінше, бұл баппен айыпталғандардың басым бөлігі киік атып, табиғатқа тікелей зиян келтіргендер емес.

«Олар – даладан киік мүйізін теріп алған, сол өнімді сақтаған, сатқан немесе сатып алған, тасымалдаған (көбіне таксишілер) азаматтар. Соған қарамастан, олар «табиғатқа зиян келтіруші браконьер» ретінде қатаң жазаға тартылып келді», – дейді депутат.

Осы жағдайға байланысты Абзал Құспан бірнеше рет үкімет пен бас прокуратураға сауал жолдаған. Бірақ нәтиже болмаған соң Қылмыстық кодекстің өзіне өзгеріс енгізуге ұсыныс білдірген.

339-баптың жаңа нұсқасында браконьер мен өнімді тасымалдаушы, сақтаушы немесе сатып алушы азаматтар бөлек тәртіппен жазаланады.

“Бұдан былай киікті (немесе бекіре балығын) заңсыз атқан (аулаған) адам мен оның өнімін тұтынған азаматтардың әрекеті жеке-жеке дәрежеленеді. Себебі нақты экологиялық зиян келтіруші – браконьерді нақ өзі. Тиісінше, табиғатқа келген залалды да дәл сол адам өтейді”, – деп нақтылады Абзал Құспан.

Жаңа бапта киік не бекіре өнімін сатып алу, сақтау, тасымалдау, сату – істің жеке құрамы ретінде көрсетіледі.

Президент заңға қол қойған күннен бастап 60 күннен кейін, осы баппен айыпталған азаматтар соттан жазаларын қайта қарауды сұрай алады.

БҚО-да шілде айынан бастап киік ату басталды. Ресми мәлімет бойынша, өңірде шамамен 2,3 миллион ақбөкен тіршілік етеді. Мамандардың айтуынша, киік популяциясының шамадан тыс көбеюі жайылым тапшылығын туындатып, мал шаруашылығына кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар, киіктердің жаппай көші республикалық және облыстық жолдарда көлік апаттарының жиілеуіне себеп болған. Ауланған киіктердің еті өңдеуге жіберіледі.

Айта кетейік, елімізде сирек жануарларды, соның ішінде ақбөкендерді заңсыз атқандар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал заңсыз балық аулағаны үшін жеке және заңды тұлғаларға 78 000 теңгеден 390 000 теңгеге дейін айыппұл салынып, әр балық үшін келтірілген залалды өтеу міндеттеледі.

sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.41 ℃
Днем26.39 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью22.33 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.39 м/с
2026-07-21
Утром18.82 ℃
Днем28.64 ℃
Вечером29.37 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.53 м/с