Ресейде әзербайжан диаспорасы басшысының ұлы екі айға қамауға алынды

Екатеринбургте жергілікті әзербайжан диаспорасының басшысы Шахин Шихлинскийдің ұлы – Мутвалы Шихлинский екі айға тергеу изоляторына қамалды. Ол билік өкіліне күш қолданды деген күдікпен ұсталған.

Фото : РИА Новости

Тергеу мәліметінше, шілде айының басында әкесін ұстау кезінде Мутвалы көлігімен артқа шегініп, арнайы жасақ қызметкерін қағып кеткен. Ол сотта кінәсін мойындап, арнайы жасақ өкілін байқамай соққанын түсіндірген.

Бұл оқиға – Ресей мен Әзербайжан арасындағы шиеленістің ушығуы аясында болып отыр. Маусым айының соңында Екатеринбургте Әзербайжаннан шыққан екі азамат қаза тапқан еді. Бакудің мәліметі бойынша, олар ұстау кезінде алған жарақат салдарынан көз жұмған.

Аталған жағдайдан кейін Баку бірнеше ресейлік азаматты қылмыстық топқа қатысы бар деген айыппен тұтқындап, олардың кейбірінің бет-жүзінде соққы іздері бары анықталған. Сонымен қатар, «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің екі басшысы да ұсталып, редакцияда тінту жүргізілген.

Қазіргі таңда Ресей мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай шиеленісті күйде. Мутвалы Шихлинскийдің ісі осы күрделі дипломатиялық фон аясында қаралуда.

arasha.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-21
Утром19.04 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером29.2 ℃
Ночью22.63 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.74 м/с
2026-07-22
Утром20.2 ℃
Днем29.01 ℃
Вечером30.61 ℃
Ночью24.99 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра3.23 м/с