Қазақстанда ең көп сатылатын дәрілер аталды

Ведомство дерегінше, елімізде ең көп сатылатын таңбаланған дәрі — парацетамол. Бір жыл ішінде дәріханаларда шамамен 3 миллион қаптама сатылған.

«ОА» мұрағатынан.

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде ең көп сатылатын дәрілерді атады.

Ведомство дерегінше, елімізде ең көп сатылатын таңбаланған дәрі — парацетамол. Бір жыл ішінде дәріханаларда шамамен 3 миллион қаптама сатылған. Сатылым бойынша келесі орындарда — натрий хлориді, этил спирті, ацетилсалицил қышқылы және Цитрамон П.

Қазақстандықтар дәрілерді ең сейсенбі және сәрсенбі күндері жиі сатып алады. Жұмаға қарай сұраныс төмендеп, жексенбіде ең төменгі деңгейге жетеді. Бұл үрдіс жыл бойына сақталған. Дүйсенбіде сұраныс қайта өсіп, аптаның ортасында шарықтау шегіне жетеді.

«Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу арқылы мемлекет олардың айналымын ашық бақылау мүмкіндігіне ие болды. Енді әрбір дәрінің өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға болады. Бұл тұтынушылар үшін қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, сонымен қатар қай күні және қандай дәрілердің жиі сатып алынатыны туралы нақты деректер алуға мүмкіндік берді», — делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, бір жыл ішінде 417 миллион қаптама дәрі таңбаланған, бұл — нарықтың 60 пайызы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-06
Утром0.15 ℃
Днем1.57 ℃
Вечером-0.59 ℃
Ночью0.17 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.46 м/с
2025-12-07
Утром-1.45 ℃
Днем0.94 ℃
Вечером0.76 ℃
Ночью0.53 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра3.13 м/с