Әкімдік қызметкерінен ақша бопсалады деген күдікпен оралдық блогер Айболат Бөкенов ұсталды

Оралдағы билік өкілдерін сынап көзге түскен блогер қолға түсті.

smartnews.kz басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған блогер Айболат Бөкенов Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті тарапынан ұсталды. Бұл туралы Telegram-дағы «Чиновник.kz» арнасы хабарлады.

Басылымның дерегінше, Бөкенов қазіргі уақытта «қорғану құқығы бар куә» мәртебесінде тергеліп жатыр. Тергеу материалдарына сәйкес, ол аудан әкімдігінің бір қызметкерінен ірі көлемде ақша талап еткен. Ақпаратқа қарағанда, блогер лауазымды тұлғаның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалаған.

16 шілдеде ақша беру сәтінде ол қолма-қол ұсталған. Тергеушілердің мәліметінше, ол өз кінәсін мойындаған. Қазір бұл іс бойынша «Қорқытып ақша бопсалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

ҰҚК департаменті әзірге бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Айболат Бөкенов – әлеуметтік желілерде бірнеше паблик пен арнаның иесі ретінде танымал. Ол Батыс Қазақстан облысы билігінің әрекеттерін үнемі сынап, сыни материалдар жариялап келген. Бұған дейін де оның әрекеттері құқық қорғау органдарының назарына түскен болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-07
Утром-17.35 ℃
Днем-12.75 ℃
Вечером-11.09 ℃
Ночью-10.11 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра4.52 м/с
2026-02-08
Утром-7.13 ℃
Днем-5.25 ℃
Вечером-7.3 ℃
Ночью-5.24 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.23 м/с