Оралда жеті жер учаскесі аукционға қойылды
Учаскелер коммерциялық қызметке сатылады.

Орал қаласында коммерциялық нысандар салу үшін жер учаскелерін жалға алу құқығын сату бойынша аукцион өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің instagram-аккаунтында хабарланды.
Аукцион 31 шілдеде е-kazyna.kz порталында түстен кейін басталады .
— Аукционда Орал, Зачаганск және Деркөл кенттерінде коммерциялық қызмет үшін 7 жер учаскесі қойылады. Қатысушыларды тіркеу жарияланған күннен басталады және аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады, — делінген хабарламада.
Аукционға қатысуға өтінімдер e-Qazyna.kz порталында қабылданады.
Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін 10 сотық жер алуға кезек күн сайын өсіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, былтыр бұл тізімде 3,9 млн адам болған, ал қазір күтіп отырғандардың саны 4 миллионнан асты.
