БҚО-да жануарлардан 1 300-ден астам адам зардап шеккен

Батыс Қазақстан облысында жануарлардан зардап шеккен адамдар саны көбейді.

Сурет: qarmaqshy-tany.kz

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың мәлім еткеніндей, биылғы алты айда жануарлардан жарақат алған 1 333 адам медициналық көмекке жүгінді.

Оның сөзіне қарағанда, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден (1 296) асып кетіп отыр.

-Соның ішінде 942 адамды ит қапқан. 341-і мысықтан, төртеуі жылқыдан, 10-ы ірі қарадан, 35-і басқа жануарлардан зардап шекті. Дегенмен адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ, — деді Д.Жаңабергенова.

Департамент басшысының айтуынша, биыл Ақжайық, Бәйтерек, Қаратөбе және Тасқала ауданында 4 адамның бруцеллезге шалдыққаны тіркелді. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда, 0,6-дан келеді. Барлық жағдайда ауру melitensis қоздырғышынан туындаған және адамдар малмен тығыз қарым-қатынас жасаған кезде жұқтырған.

Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бруцеллез 16 дерекке кемігенімен, өңірде әлі де кездесіп отыр.

-Бруцеллездің алдын алу үшін малды жыл сайын тексеруден өткізу қажет. Сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарын қолданып, мал дәрігерінің рұқсатынсыз ет пен сүтті сатпау керек. Оған қоса өнімдерді тек рұқсат етілген орындардан сатып алу маңызды, — деді Д.Жаңабергенова.

inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-11
Утром9.99 ℃
Днем18.77 ℃
Вечером13.36 ℃
Ночью9.6 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.39 м/с
2026-10-12
Утром10.35 ℃
Днем19.74 ℃
Вечером17.15 ℃
Ночью13.27 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.8 м/с