Ресей Қазақстанға көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынды

Алайда Қазақстанның ішкі істер министрлігі бұл бастаманы құптамады. 

okleyka.pro

Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Ресейде ғана емес, ЕАЭО-ға мүше барлық елдерде автокөліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресей думасының еңбек және әлеуметтік саясат комитетінің төрағасы Ярослав Нилов ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевқа хат жолдады.

«ЕАЭО елдерінің көпшілігінде ауа температурасы +30-40 градусқа және одан да жоғары деңгейге жетеді. Аптап ыстықтан бөлек, көліктің ішіне түсетін тікелей күн сәулелері жүргізушінің көлікті басқаруына айтарлықтай кедергі келтіреді. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, өйткені жүргізуші ауа райына көңіл бөліп, алаңдауға мәжбүр болады», – делінген хатта.

Маусым айында Respublica партиясының депутаттары да Қазақстанда көліктің алдыңғы терезесін  қараңғылау салынған тыйымды алып тастауды, сондай-ақ терезесін қараңғылағылары келетіндер үшін 50 АЕК көлемінде (яғни 196 600 теңге) төлем енгізуді ұсынған еді.

Алайда Қазақстанның ішкі істер министрлігі бұл бастаманы құптамады. Министрлік мәліметінше айтуынша, бұл жағдайда жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тағып-тақпағанын немесе қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесіп отырғанын анықтау қиындай түседі.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда көлік терезесінен қолын шығарғандарға айыппұл салынатыны туралы жазған едік. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-16
Утром16.4 ℃
Днем19.83 ℃
Вечером20.15 ℃
Ночью16.48 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.82 м/с
2026-09-17
Утром15.36 ℃
Днем20.36 ℃
Вечером16.53 ℃
Ночью14.89 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра2.8 м/с