Қазақ азаматтарының паспортында барыс бейнесі пайда болады

ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандық паспорттың қорғаныс деңгейін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. 

Фото: БАҚ

Бұл туралы ІІМ басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Аленов мәлім етті.

Сөз сөйлеу барысында ол жаңартылған Қазақстан паспортының дизайнын көрсетіп, онда барыс бейнесі болатынын айтты.

– Паспорт барлық халықаралық стандарттарға сай. Онда қажетті барлық қорғаныс элементтері бар. Қазір біз қосымша қауіпсіздік деңгейлерін енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз, — деді Аленов.

Жаңа үлгідегі паспорттың таныстырылымында таңбадағы барыс бейнесі анық көрініп тұр. Бұл – Қазақстанда құжаттарды қорғауға арналған жаңа, заманауи технологиялар енгізіліп жатқанын көрсетеді. 

Сондай-ақ Бауыржан Аленов ІІМ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берілген тапсырмаларды орындап жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, ведомство көші-қон саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша шаралар қабылдайды. Оның айтуынша, көші-қонды бақылауды күшейту мен процестерді жетілдіру ІІМ-нің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Сондай-ақ ол қазақстандықтар визасыз 43 елге еркін бара алатынын атап өтті.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанға кіру талаптарының күшеюі мүмкін екенін айтқан болатын.

zhasalash.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-16
Утром11.2 ℃
Днем22.91 ℃
Вечером23.06 ℃
Ночью14.82 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.39 м/с
2026-08-17
Утром10.41 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером29.04 ℃
Ночью19.99 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.79 м/с