1 қыркүйек демалыс күнге келіп отыр: Оқу-ағарту министрі алғашқы қоңырауға қатысты мәлімдеме жасады

Министрдің айтуынша, биыл сабақ ресми 2 қыркүйекте басталады.

Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл Конституция күніне орай демалыс болғандықтан, мектеп жиындары кейінге шегеріле ме деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Биыл Қазақстанда 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні сенбіге келіп отыр. Осыған байланысты демалыс дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылады. Министрдің айтуынша, биыл сабақ ресми 2 қыркүйекте басталады.

«Салтанатты іс-шараға, оқу жылының басына келер болсақ, біз бұл мәселені қарастырдық. Мектеп пен мұғалімдер кеңесі салтанатты шараларды 1 қыркүйекте өткізу мүмкіндігін қарастырса, бұл шешім қабылданатын шығар. Әрине, біз мұндай мүмкіндік береміз. Бірақ ресми түрде барлық іс-шара 2 қыркүйекте өтуі керек. Өйткені бұл жұмыс күні және баяғыдан солай болған”, – деді Бейсембаев.

Ол алғашқы қоңырау бірінші сынып оқушылары үшін өтетінін айтты. Мектеп оқушылары үшін бұл мереке ерекше дейді.

«1 қыркүйек бірінші сынып оқушылары үшін негізінен ерекше. Сондықтан біз ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен ақылдасып жатырмыз. Олар көбіне 1 сыныпқа баратын оқушыларға қатысты мәселені көтереді. Бұл өте маңызды сәт, олар мектепке алғаш рет келеді, сондықтан мұндай символикалық мерекені өткізу өте маңызды», – деп түйіндеді министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-13
Утром10.47 ℃
Днем17.04 ℃
Вечером19.04 ℃
Ночью17.23 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.12 м/с
2026-09-14
Утром14.55 ℃
Днем19.18 ℃
Вечером20.33 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра3.25 м/с