БҚО-да түйнеме ауруына шалдыққан 22 мал моласы ашық күйінде жатыр

Батыс Қазақстан облысында 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында құтыру ауруы бойынша үш ошақ тіркелді. Ал түйнеме (сібір жарасы) ауыруына шалдыққан малдың өлімтігінің 222 көміндісінің 20-сы әлі толық қоршалмаған. Бұл туралы БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев мәлімдеді.

фото: pexels.com

Қазір сібір жарасы көмінділерін қоршау жұмыстары жалғасып жатыр – 2024 жылы 125 көмінді қоршалса, биыл тағы 77 моланы оқшаулау жұмысы аяқталады.

Сонымен қатар, биыл бруцеллезге қарсы тексеру кезінде 3 215 бас мүйізді ірі қара мен 649 ұсақ малдан оң нәтиже анықталған. Бруцеллезге шалдыққан қаралар пышаққа ілінді.

БҚО ветеринария басқармасының басшысының айтуынша, жарты жылдың ішінде облыста 4,7 миллионнан астам малға қауіпті ветеринариялық ауруларға қарсы вакцина егілді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысында ветеринариялық қауіпсіздікке 4,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Облыста жеті жаңа ветеринариялық пункт салынған. Сонымен қатар облыстың ветеринариялық станцияларына 106 жаңа көлік берілген.

Ашық дереккөзден

Бұған дейін БҚИТУ ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ғайса Әбсатыров эпизоотияға қарсы іс-шаралардың тиімді ұйымдастырылмай отырғанын сынады. Ғалым жұқпалы ауруларды диагностикалау жұмысының жүргізілмеуі, сала мамандарының тапшылығы мен отандық ветеринариялық препараттардың аз болуы сынды қордаланған мәселелер сол шешілмеген күйі қалып отыр деп есептейді.

ғаламтордан

2024 жылы Sarapshy.Info сарып ауруының кең таралуына байланысты зерттеу жүргізді. «Республикалық ветеринариялық зертхана»  БҚО филиалы 2024 жылдың 9 айында бруцеллез ауруына 620,6 мың ірі қараны зерттеп (96%), 4 836 малдан бруцеллез анықтаған.

БҚО 2027 жылға дейін эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 16,4 млрд теңге жұмсамақ.

sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром11.83 ℃
Днем25.82 ℃
Вечером25.56 ℃
Ночью20.93 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.46 м/с
2026-08-18
Утром17.51 ℃
Днем31.08 ℃
Вечером33.08 ℃
Ночью21.2 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.84 м/с