Қытай инвесторына кедергі: БҚО-да зауыт құрылысына шенеуніктер тосқауыл жасаған

Қабылданған шаралардың нәтижесінде инвестор Қытай тарапымен 100 миллион долларлық келісім жасасып, зауыт құрылысы қайта жалғасты.

Фото: Envato

Батыс Қазақстан облысында цемент зауытын салуға ниетті қытайлық инвестор жергілікті билікпен келісе алмай, кедергіге тап болды. Мәселеге облыстық прокуратура араласып, араша түсті, деп хабарлайды Orda.kz.

Прокуратура дерегінше, «СпецСтройСервис» ЖШС 2022 жылдан бері жаңа өндіріс орнын салу жобасын іске асырып келеді. Жалпы инвестиция көлемі 75 миллиард теңге. Жоба толық жүзеге асқанда, 60 жаңа жұмыс орны ашылады. Қаржыландыруға шетелдік, соның ішінде қытайлық серіктестер тартылған.

Алайда өндіріс үшін қажет шикізат орналасқан жер теліміне қатысты жер қатынастары басқармасымен келіспеушілік туған. Басқарма компанияны жерді пайдалану шартын бұзды деп айыптап, сотқа жүгінген.

Облыстық прокуратура бұл іске араласып, тараптарды тыңдағаннан кейін шенеуніктерге талап-арыздан бас тартуға ұсыныс жасаған. Бірақ араға бір жыл салып басқарма жер жалдау шартын өз бетінше бұзып, бұл әрекетін сотта қорғап шыққан. Кейін прокуратура сот шешімін қайта қарап, оның күшін жоюға қол жеткізді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде инвестор Қытай тарапымен 100 миллион долларлық келісім жасасып, зауыт құрылысы қайта жалғасты»,  деп мәлімдеді ведомство.

Бұл – Қазақстанда Қытай инвестициясымен салынып жатқан жалғыз цемент зауыты емес. Бұған дейін Алматы облысында да Қытай қаржыландырып жатқан зауыт құрылысы ежелгі петроглифтер мен тарихи қорымдарға жақын орналасуына байланысты сынға ұшыраған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-08
Утром21.74 ℃
Днем33.69 ℃
Вечером35.98 ℃
Ночью27.42 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра3.62 м/с
2026-08-09
Утром24.98 ℃
Днем37.58 ℃
Вечером37.33 ℃
Ночью21.24 ℃
Влажность15 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра14.24 м/с