БҚО-да интернет сапасын жақсартуға 41 млрд теңге бөлінеді

Батыс Қазақстан облысында ауылдық жерлерге кеңжолақты интернет тарту жұмыстарына 41 млрд теңге субсидия бөледі. Бұл туралы 25 шілдеде БҚО халқымен кездесуде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.

фото:  freepik.com

«Еліміз бойынша 3000-нан астам ауыл интернетпен қамтылады. Соның ішінде 88,8%-ына талшықты-оптикалық желі, ал қалған 12%-ына спутниктік байланыс арқылы қол жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ 713 ауылда қоғамдық Wi-Fi іске қосылады», — деді вице-министр.

2024-2025 жылдары Kcell мен BeeLine компаниялары Батыс Қазақстан облысында 145 4G базалық станциясын орнатқан. 2025 жылдың алғашқы 6 айында Kcell 5G желісін тартатын 33 базалық станция қондырды.

 Спутниктен Орал қаласының аумағында 13 “ақ нүктенің” (желі нашар ұстайтын аймақ) төртеуінде байланыс іске қосылған. Қалған тоғыз жерге байланыс орнату жұмыстары биыл аяқталады.

Шалғай ауылдардағы мектептерді спутниктік интернетпен толық қамтамасыз етуге аса назар қойылған. Жоба аясында OneWeb компаниясы Қазақстанда серверлерінорналастырған, алдағы уақытта Starlink те интернет орнату бойынша жұмыс бастайды.

«Бұл шешім мектептердегі қауіпсіз әрі сапалы иbнтернетке жол ашады», – деді Дмитрий Мун.

sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-16
Утром11.2 ℃
Днем22.91 ℃
Вечером23.06 ℃
Ночью14.82 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.39 м/с
2026-08-17
Утром10.41 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером29.04 ℃
Ночью19.99 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.79 м/с