БҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді

Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында өңірімізде жасөспірімдер 2800-ден астам құқық бұзушылық жасаған.

gov.kz

БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Ибрайымовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, іс-шараның мақсаты – балалардың түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруін бақылауды күшейту және жасөспірімдер арасындағы құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу.

Олжас Әзімбекұлының сөзіне қарағанда, кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуына және сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғынжайлардан тыс жерлерде заңды өкілсіз жүруіне қатаң тыйым салынады.

-Жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні барлығы 113 әкімшілік хаттама толтырылды. Соның ішінде 103 жеткіншектің түнгі сағат 23.00-ден кейін тұрғынжайлардан тыс жерлерде жүргені белгілі болды, — деді О.Ибрайымов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жасөспірімдердің 2 814 әкімшілік құқық бұзушылыққа барғаны анықталды. Соның ішінде 1 525-і ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін) қатысты. Сондай-ақ 127-бап бойынша (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау) 296 дерек тіркелді.

-Кейбір жасөспірімнің өзімен бірге пышақ немесе кастет сияқты тыйым салынған заттарды алып жүретінін еске салғым келеді. Бұл ҚР ҚК 287-бабына (суық қаруды заңсыз алып жүру) сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артты. Негізгі себептер – белгіленбеген жерден жолды кесіп өту және автокөлікте балаларды тасымалдау ережелерін елемеу. Балаларды автокөлікте арнайы жасына және салмағына сай автокреслолармен ғана тасымалдау қажет, — деді департаменттің басқарма бастығы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем0.06 ℃
Вечером0.17 ℃
Ночью-0.01 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-2.54 ℃
Днем-5.51 ℃
Вечером-8.94 ℃
Ночью-12.43 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.95 м/с