91 пайызы талапқа сай емес: Министрлік БАД өнімдері туралы мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда сатылып жатқан биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) сапасы мен қауіпсіздігі туралы зерттеу қорытындысын жариялады.

ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда сатылып жатқан биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) сапасы мен қауіпсіздігі туралы зерттеу қорытындысын жариялады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, елімізде ББҚ-ны мемлекеттік тіркеу бірнеше деңгейден тұратын сараптамалық негізде жүзеге асады. Атап айтқанда, тіркеу кезінде ғылыми есеп, Қазақ тағамтану академиясы мен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің өзге де ғылыми-зерттеу ұйымдарының қорытындылары ескеріледі. Сондай-ақ ЕАЭО-ның Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енген аккредиттелген сынақ зертханаларының хаттамалары негізге алынады.

138 өнімнің 23-і талапқа сай емес

2025 жылы өнім сапасына мониторинг жүргізу мақсатында сатып алынған 138 ББҚ үлгісі зерттелген. Оның ішінде 23 сынама немесе 16,7 пайызы қолданыстағы талаптарға сай келмегені анықталды. Бұл бұзушылықтардың басым бөлігі — 82,6 пайызы таңбалау ережелерінің бұзылуына байланысты болса, 17,4 пайызы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейді.

Комитет таратқан ақпаратқа сүйенсек, талапқа сай емес өнімдердің 91 пайызы — үшінші елдерден әкелінген тауарлар. Ал 8,7 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен жеткізілген.

Қауіпсіздік үшін — ресми тіркелген өнімді таңдаңыз

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарға ББҚ-ны дәріханалардан, дәріхана пункттерінен, мамандандырылған дүкендер мен ресми сауда желілерінен мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен бірге сатып алуға кеңес береді. Сонымен қатар мұндай өнімдерді қабылдамас бұрын міндетті түрде емдеуші дәрігермен кеңесу қажет екенін ескертеді.

Комитеттің айтуынша, жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде халық арасында тамақ қауіпсіздігі, соның ішінде ББҚ-ға қатысты түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Бұл шаралар тұтынушылардың саналы таңдау жасауына және денсаулығын қорғауға бағытталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-17
Утром11.35 ℃
Днем16.78 ℃
Вечером11.2 ℃
Ночью10.22 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.84 м/с
2026-10-18
Утром9.31 ℃
Днем14.88 ℃
Вечером12.8 ℃
Ночью10.69 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.13 м/с