БҚО-да бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

Қызыл кітапқа енген және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БҚО-да Орал – Атырау тас жолында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылы маңында Орал – Атырау автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Hyundai Accent көлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 31 жастағы ер адам болған.

Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттары жоқ бекіре тұқымдас (стерлядь) 10 балық анықталды. Сонымен қатар арнайы ау және балық аулауға арналған қармақтар тәркіленді.

Қызыл кітапқа енген және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал көлемі анықталу үстінде.

Полиция табиғатқа келтірілген залал үшін жауапкершілік қатаң екенін ескертеді.

Ақпарат көзі: polisia.kz сайты

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-24
Утром-23.19 ℃
Днем-18.56 ℃
Вечером-20.94 ℃
Ночью-22.61 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.55 м/с
2026-01-25
Утром-24.63 ℃
Днем-19.02 ℃
Вечером-21.42 ℃
Ночью-23.11 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.18 м/с