БҚО тұрғыны әлеуметтік желілерде лауазымды адамға қоқан лоққы жасағаны үшін жазаланды
Шыңғырлаудағы сот шенеунікке қоқан-лоққы жасағаны және балағаттағаны үшін жергілікті тұрғынды бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 15 сәуірінде азамат К. үйде болған кезде өзінің Facebook парақшасында лауазымды адамды өлтірем деп, сондай-ақ денсаулығына зиян келтіремін деп қорқытқан, сондай-ақ оның атына қорлайтын сөздерді қолданған бүркеншік атпен хабарлама жариялаған. Жариялым осы адамның өзінің қызметтік міндеттерін орындауына қатысты болды.
Психологиялық-филологиялық сараптама хабарламада жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын қауіптер мен балағат сөздер бар екенін растады. Сотта сотталушы кінәсін мойындап, өкінген.
Сот кәмелетке толмаған балалардың болуын, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады. Сондай-ақ, ол пробациялық бақылауда бола отырып, жыл сайын 100 сағат қоғамдық жұмыстарды жасайтын болады және жәбірленушілерге өтемақы қорына 58 980 теңге төлеуге міндетті.
