Жаңа Салық кодексі: Қазақстанда пәтер сату қиын әрі қымбат болады

Келер жылдың қаңтар айынан бастап жаңа Салық кодексі заңды күшіне енеді. Онда жылжымайтын мүлікті сатқан кездегі салыққа қатысты екі негізгі өзгеріс бар.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда 2026 жылдың басынан бастап жылжымайтын мүлікті сатудың жаңа ережелер күшіне енеді. Сарапшы жаңа ережелердің баспана бағасына әсері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kzарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Келер жылдың қаңтар айынан бастап жаңа Салық кодексі заңды күшіне енеді. Онда жылжымайтын мүлікті сатқан кездегі салыққа қатысты екі негізгі өзгеріс бар.

Біріншісі – меншік иесі болу мерзімінің ұзартылуы. Яғни, салық төлемеу үшін енді мүлік кемінде 2 жыл меншік иесінде болуы керек. Қазіргі кезде бұл мерзім небәрі 1 жыл. Қазір үйді, саяжайды, пәтерді, жертөлені, автотұрақ орнын, гаражды немесе жер телімін бір жылдан аз иеленген сатушылар табысынан 10% салық төлейді.

Алайда келесі жылдан бастап бұл мөлшерлеме 15%-ға дейін көтеріледі, бірақ бәріне емес. Бұл тек 8 500 АЕК-тен жоғары тұратын нысандарға қатысты болады. Бүгінгі таңда бұл 33 миллион теңгеден асады. Қалған жағдайларда бұрынғы 10% мөлшерлеме сақталады.

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Александр Пак жаңа салық өзгерістеріне өз бағасын беріп, олардың кімдерге көбірек әсер етуі мүмкін екенін айтады.

«8 500 АЕК – бұл, ең алдымен, коммерциялық нысандарға қатысты болмақ. Онда салықтар бұрыннан жоғары болған, сондықтан бұл бағаға әсер етеді деп ойламаймын. Ал 2 жыл мерзімге келсек, бұл да қорқынышты емес. Соңында, егер адам баспана сатып алса, Қазақстанда адам өмірінде орта есеппен үш рет үй ауыстырады», – дейді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-19
Утром17.74 ℃
Днем33.36 ℃
Вечером34.26 ℃
Ночью24.52 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.25 м/с
2026-08-20
Утром21.17 ℃
Днем33 ℃
Вечером32.93 ℃
Ночью24.33 ℃
Влажность20 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.76 м/с