БҚО-да есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды

Бәйтерек ауданының елді мекендерінің бірінде 49 жастағы ер адам өз үйінің ауласында есірткі өсімдіктерін өсіріп келген.

Сурет:  polisia.kz

БҚО-да құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру фактісі анықталды, деп хабарлайды polisia.kz.

«Қарасора — 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру фактісі анықталды.

Бәйтерек ауданының елді мекендерінің бірінде 49 жастағы ер адам өз үйінің ауласында есірткі өсімдіктерін өсіріп келген. Тінту кезінде оның ауласынан жалпы көлемі 450 шаршы метр болатын, көлеңке түсіретін тормен жабылған және автоматты суару жүйесімен жабдықталған жасырын жылыжай табылды.

«Аталған жылыжайда қарасора тұқымдас өсімдіктерді өсіру жүзеге асырылған. Тергеу барысында, құрамында есiрткi заттары бар 47 түп өсiмдiктер тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол осы жылдың көктемінде тұқымды сатып алып, сәуір айынан бастап өсірумен айналысқан», — деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-11
Утром-7.86 ℃
Днем-6.08 ℃
Вечером-4.84 ℃
Ночью-5.26 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра5.8 м/с
2025-12-12
Утром-3.07 ℃
Днем-1.22 ℃
Вечером0.33 ℃
Ночью-0.21 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.52 м/с