Қытайда маса арқылы қауіпті вирус тарады

Індеттің алдын алудың ең тиімді амалы – тұрып қалған судан арылу, ересек масаларды өлтіру және маса шағудан қорғану.

Фото: freepik.com

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында бір апта ішінде чикунгунья безгегіне шалдыққан 2 800-ден астам жағдай тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың Орталық телеарнасының мәліметінше, ауыр жағдайлар мен өлім-жітім тіркелмеген. Ауру жұқтырғандардың көбі Фошань қаласында тіркелген – 2770 жағдай. 

“27 шілде мен 2 тамыз аралығында Гуандун провинциясында чикунгунья безгегінің 2892 жаңа жағдайы тіркелді”, – деп жазды басылым.

Гуандун провинциясындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі бас сарапшысы Кан Миннің айтуынша, провинцияда індет дер кезінде ауыздықталмаған. Тасқын маусымы кезінде масалар ауру тарататындықтан эпидемияның алдын алу мен бақылау әлі де күрделеніп отыр.

“Індеттің алдын алудың ең тиімді амалы – тұрып қалған судан арылу, ересек масаларды өлтіру және маса шағудан қорғану”, – деді сарапшы.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, жергілікті ғалымдар чикунгунья безгегін тарататын масаларды жою үшін түрі ерекше ірі масалардың дернәсілдерін тарата бастаған.

Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь осы аптада Қытайда чикунгунья безгегін бақылау мен алдын алу мүмкін екенін айтып, қытайлық тарап шетелдік туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыратынын айтты.

Чикунгунья безгегі — бұл вирус арқылы тарайтын жұқпалы ауру, адамға қан сорғыш жәндіктер арқылы беріледі. Ауруды негізінен екі түрлі маса таратады, олар сондай-ақ сары безгек пен денге сияқты өзге де вирустық ауруларды жұқтыруы мүмкін.

Чикунгунья безгегінің табиғи таралу аймақтары — Африканың тропиктері, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үнді мұхитының аралдары. Бұл өңірлерде жыл сайын маусымдық індеттер тіркеліп отырады. Сонымен қатар Мексика мен Гватемала да ауру таралатын елдер қатарына жатады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-11
Утром9.99 ℃
Днем18.77 ℃
Вечером13.36 ℃
Ночью9.6 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.39 м/с
2026-10-12
Утром10.35 ℃
Днем19.74 ℃
Вечером17.15 ℃
Ночью13.27 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.8 м/с