Әзірбайжан «Орынбор» атауын қазақша атауды талап етті

Бұл жағдай Әзірбайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың тағы да шиеленісе түскенін көрсетеді. 

Фотоколла: POLITICO.KZ (Bulkin Sergey)

Әзірбайжан ТАСС агенттігін елдің аумақтық тұтастығына құрметсіздік танытты деп айыптады. Себебі агенттік Қарабақтағы теңізші-суретші Иван Айвазовскийдің ескерткішін бұзу туралы материалында Ханкендінің ресми атауының орнына «Степанакерт» атауын қолданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рolitico.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған байланысты Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапынан кешірім сұрап, материалды түзетуді талап етті. Сонымен қатар ресейлік БАҚ жұмысына шектеу қоятынын ескертті.

Баку тарапы сондай-ақ Ресей қалаларының тарихи атауларын қолдануға құқығы бар екенін айтып, Орынбордың кезінде қазақтың астанасы болғанын еске салды.

Бұл жағдай Әзірбайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың тағы да шиеленісе түскенін көрсетеді. Екі ел арасындағы дипломатиялық дағдарыс 2024 жылы орын алған ұшақ апатына Ресейдің кінәсін мойындау талабымен, ресейлік журналистердің тұтқындалуымен және прокремльдік медиаларға қарсы рейдтермен қатар ушығып отыр.

Еске салайық, бұған дейін 1994 жылы Владимир Путин Санкт-Петербург мэрінің орынбасары болып тұрған кезінде Германияның бас консулымен кездесуінде Қырым, Украина шығысы және Қазақстанның солтүстігін «әрдайым Ресейдің бір бөлігі болған» деп мәлімдеген. Бұл дерек жуырда Германия Сыртқы істер министрлігінің архивінен табылған құжаттардан белгілі болды.

Кейін Путин бірнеше рет посткеңестік кеңістіктегі шекараларды қайта қарау қажеттігін тұспалдап айтқан. 2014 жылы ол Қазақстанда «ешқашан мемлекет болмаған» деп, қазақ мемлекеттілігін жоққа шығарған.

Ресей саясаткерлерінің осындай мәлімдемелеріне жауап ретінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақтарға бұл кең-байтақ жерді ешкім сыйлаған жоқ» деп мәлімдеген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-10
Утром19.39 ℃
Днем27.82 ℃
Вечером28.22 ℃
Ночью20.97 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.92 м/с
2026-08-11
Утром14.84 ℃
Днем25.08 ℃
Вечером26.67 ℃
Ночью19.7 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.83 м/с