БҚО-да жылқы егісті таптаған: мал иелерінен 0,9 млн теңге өндірілді

Шыңғырлау ауданында шаруа қожалығының басшысы егінін тапаған 70 бас жылқы иелері мен жылқышыдан материалдық шығынды өндіруді талап етіп, сотқа жүгінді. БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, шаруа қожалығы жалға алған 30 гектарға егілген жаздық бидайға жылқылар түскен.

Ашық дереккөзден

Жылқышы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыппұл төлегенімен, комиссиялық акт бойынша малдың тапауы салдарынан қожалықтың 1,3 млн теңге пайдадан айырылғаны белгілі болды. 

Шыңғырлау аудандық соты істі қарай отырып, Азаматтық кодекстің 917-бабы 1-тармағына назар аударды. Соған сәйкес мүліктік залал келтірген адамдар оны толық көлемде өтеуі тиіс.
Сот жауапкерлердің комиссиялық тексеруге қатыспағандығы және келтірілген шығынды есептеумен келіспейтіндігі туралы уәждерін негізсіз деп санады. Акт жалғыз талап қоюшы ғана емес, іске мүдделі тараптардың, соның ішінде ауылдық округ әкімдігі өкілінің қатысуымен жасалды. Есеп-қисап жергілікті атқарушы органның мәліметтері бойынша жүргізілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және акт жауапкерлер жылқыларының шаруа қожалығы жеріндегі дәнді дақылдарға зиян келтіргенін растайтын сенімді дәлелдеме болып есептеледі.

— Айыппұлды жылқышы төлеген, сондықтан оқиғаның орын алғаны, зиян келтірушінің кінәсі анықталды. Жылқылардың жауапкерлерге тиесілі, олардың саны туралы мәліметтер расталды. Осының бәрін ескере отырып, сот Азаматтық кодекстің 935-бабы 5-бөлігіне сәйкес жауапкерлерден 900 мың теңгені өндірді. Сот шешімі заңды күшіне енді, — деп хабарлады ведомстводан.

inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-10
Утром-28.19 ℃
Днем-17.71 ℃
Вечером-12.4 ℃
Ночью-10 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.14 м/с
2026-03-11
Утром-2.53 ℃
Днем0.33 ℃
Вечером0.75 ℃
Ночью0.47 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра7.87 м/с