Батыс Қазақстан облысында екі ауыл тұрғыны есірткі сақтағаны үшін ұсталды

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, басты назар есірткі заттарының шығу көзін анықтауға бағытталған.

Суреттер: Polisia.kz

БҚО-да экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Сырым аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жергілікті ауылдардардың бірінде тұратын екі азамат заңсыз қару және есірткі заттарын сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Күдіктілердің үйлеріне жүргізілген тінту барысында төмендегідей тыйым салынған заттар тәркіленді:

Бірінші күдіктіден:

  • Тіркелмеген, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық;
  • Нарезді қаруға арналған 4 дана оқ-дәрі;
  • Тегіс ұңғылы қаруға арналған 2 дана оқ-дәрі;
  • Қорадан табылған, жасыл түсті ұнтақталған өсімдік тектес (есірткіге ұқсас) 500 грамнан астам зат;
  • 6 қолданылған шприц және пластик бөтелке (есірткі тұтынуға арналған болуы мүмкін).

Екінші күдіктіден:

  • Үй ішінен табылған газетке оралған өсімдік тектес зат;
  • Ауладан тәркіленген үш пакет өсімдік тектес зат;
  • Өсімдік тектес заты бар үш шприц;
  • Есірткі затын дайындауға және қолдануға арналған арнайы құралдар.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Барлық тәркіленген заттарға сот-химиялық және баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, басты назар есірткі заттарының шығу көзін анықтауға бағытталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-15
Утром11.07 ℃
Днем18.01 ℃
Вечером18.61 ℃
Ночью17.71 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра8.67 м/с
2026-08-16
Утром15.87 ℃
Днем21.67 ℃
Вечером23.14 ℃
Ночью16.24 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.49 м/с