«Ануш Құрылыс» компаниясына айыппұл салынды: Чапай–Жаңақала жолы жөндеусіз қала ма?

Чапай-Жаңақала жолын жөндеуге тендер ұтып алған «Ануш Құрылыс» компаниясы өз міндеттерін дер кезінде орындамады. Осы себептен оларға сот арқылы айыппұл салынды. 

фото: freepik.com

«Ануш Құрылыс» – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Оганнес Минасянға тиесілі компания. ЖШС 2025 жылдың басынан бері жалпы құны 8,3 миллиард теңгені құрайтын 11 келісімшарт жасаған.

2025 жылдың шілде айында Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев БҚО-ға іссапары кезінде Чапай-Жаңақала бағытындағы жөндеу жұмыстарының жай-күйін сынға алды. Оның айтуынша, бұл жолмен жүру жүргізушілер үшін үлкен қауіп төндіреді.

Чапай-Жаңақала-Сайқын жолын жөндеу туралы келісім 2024 жылдың сәуірінде құрылған. Бұл құрылыс жұмысына бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінді.

19 шілде Чапай-Жаңақала жолында жұмыс істеп жүрген «Ануш Құрылыс» компаниясының екі қызметкерін төрт жергілікті тұрғын соққыға жықты. Оқиға салдарынан Гаруш Балаян мен Арслан Бисалиев ауруханаға түсті.

Аталмыш жайттан кейін Оганнес Минасян Sarapshy.info тілшісіне берген сұқбатында компанияның атынан күдіктілерге тағы бір арыз жазуға мүдделі екенін жеткізді.

«Ерегестің нақты себебі белгісіз. Біздің жұмысшылар мен ол адамдар бұрын-соңды таныс болмаған. Құқық қорғау органдарынан бұл іске мұқият назар аударуды сұраймыз. Қазіргі кезде қол астымдағы өзге жұмысшыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмын», – деді ол.

Соққыдан кейін құрылыс жұмыстарының қалай жалғасатыны белгісіз еді. Бұл сұраққа БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Қуаншалиев жауап берді.

«Чапай-Жаңақала жолын жөндеуге тендер ұтып алған «Ануш Құрылыс» компаниясы өз міндеттерін дер кезінде орындамады. Осы себептен оларға сот арқылы айыппұл салынды. Компания айыппұлды толық өтеп шықты. Келісім бойынша жоба екі жылда аяқталуы тиіс еді, биыл бұл құрылыс жұмысына бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Қазір қалған 500 млн теңгеге 12 шақырым жолды жөндеп жатырмыз. Алдағы уақыт бюджеттік комисссия мен маслихат Чапай-Жаңақала жол құрылысын аяқтауға қосымша қаражат бөлу туралы жиналыс өткізбек», — деді басшы.

БҚО әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің айтуынша, «Ануш құрылыстың» жарақат алған қызметкерлері туралы іс полиция департаментінің қарауына алынған.

sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.24 ℃
Днем16.34 ℃
Вечером15.99 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.52 м/с
2026-04-20
Утром10.08 ℃
Днем14.19 ℃
Вечером11.1 ℃
Ночью9.23 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.98 м/с