Қазақстанда ЭЦҚ кілтін алу тәртібі өзгереді

Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді.

Фото: Ашық дереккөзден

2025 жылғы 11 тамыздан бастап Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгереді. Енді бұл қызмет толығымен онлайн-форматқа ауыстырылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Цифрлық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұл шешім азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыру және жеке цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол электрондық қолтаңбаны бөгде тұлғаларға алу жағдайының алдын алады.

ЭЦҚ-ны онлайн қалай алуға болады:

  1. egov.kz немесе pki.gov.kz порталына кіріңіз;
  2. Онлайн өтінім жіберіңіз;
  3. Биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз – жүйе камера арқылы бет-әлпетіңізді таниды.

Егер тұлға сәтті расталса, ЭЦҚ кілті бірден, ХҚКО қызметкерлерінің қатысуынсыз онлайн түрде беріледі. Кейде жүйе сізді тани алмауы мүмкін – мысалы, базада фотосурет болмаса немесе техникалық ақау орын алса, жүйе 5 ретке дейін биометриялық тексеруден өткізуге мүмкіндік береді. Осы әрекеттер сәтсіз аяқталған соң ғана ХҚКО-ға жүгіну мүмкіндігі пайда болады.  

Маңыздысы – биометриядан өтпейінше, ХҚКО-да оператор арқылы өтініш беру мүмкін емес. Оператор ЖСН бойынша ақпаратты тексереді және егер бес рет сәтсіз биометрия тапсыру әрекеті болмаса, қызмет көрсете алмайды. Онлайн қызмет толық пайдаланылғаннан кейін ғана ХҚКО арқылы өтініш беру мүмкіндігі автоматты түрде ашылады.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ азаматтар үшін ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған. Егер пайдаланушы сол жерде сәтті идентификациядан өтсе, ЭЦҚ кілттері ХҚКО операторының қатысуынсыз онлайн түрде беріледі.

Қазақстанда ЭЦҚ беру процесінің негізінен қашықтан форматқа ауысқаны статистикалық деректермен расталады. 2025 жылдың басынан бері республика бойынша 14,9 миллионнан астам ЭЦҚ кілті берілді. Соның ішінде 92,25 пайызы қашықтан сәйкестендіру арқылы, ал небәрі 7,75 пайызы ХҚКО арқылы рәсімделген. Бұл деректер онлайн-сервистің жоғары сұранысқа ие екенін және мемлекеттік қызметтердің цифрландыру бағытында тұрақты үрдіс қалыптасқанын көрсетеді.

Бұл жаңашылдық ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. ЭЦҚ өз қолымен қойылған қолтаңбаға теңестіріледі және толық заңды күшке ие, сондықтан ЭЦҚ кілттеріне қолжетімділік тек оның иесінде ғана болады. Биометрияны қолдану жеке тұлғаны сенімді түрде растауға және ЭЦҚ кілттерін заңсыз алу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.04 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с