Батыс Қазақстанда қандай жылу нысандары жаңартылып жатыр

Батыс Қазақстан облысында биыл 6 жылумен жабдықтау жобасын жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 5,2 млрд теңге бөлінді. 

«ОА» мұрағатынан

БҚО энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бейімбет Мусиннің мәлім еткеніндей, соның ішінде № 18А кәріз-сорғы станциясы, № 2 жылу магистралі, Круглоозерный және санмектеп қазандықтарын реконструкциялау жұмыстарын жылыту маусымына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Бейімбет Мәлікұлының сөзіне қарағанда, Орал жер асты сулары кен орнының су жинау құрылыстары және диаметрі 1 мың мм су құбырларын қайта жаңарту, яғни екі жоба 2026 жылға ауысады. 

– Бұл нысандар өткен ғасырдың 60-70 жылдары пайдалануға беріліп, содан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Бөлінген қаражат Орал қаласында 200 мыңға жуық абонентті, балабақшалар, мектептер, колледждер, ауруханалар мен емханаларды жылумен, су және су бұрумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — дейді Б.Мусин. 

«ОА» фотоқорынан

Оның айтуынша, сонымен қатар «Жайықжылуқуат» АҚ-ның өз қаражаты есебінен Орал қаласының жылу-қуат орталығында 4 негізгі жабдық (№ 2 энергетикалық қазандығы, № 11 су жылытқыш қазандығы, № 2,3 турбиналары) және 5,5 км жылу желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Күні бүгін бұл жұмыстар 80 пайызға аяқталды.

Сол секілді «Батыс су арнасы» ЖШС есебінен 593 млн теңгеге 7,8 км су құбыры мен кәріз желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС 1,2 млрд теңгеге электр желілері мен қосалқы станцияларды ретке келтіріп жатыр.

– Күні бүгін облыс бойынша 1 422 әлеуметтік нысан мен 2 041 тұрғын үй болса, соның 85 пайызы жылыту маусымына дайын, — деп қосты Б.Мусин.

inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-11
Утром6.84 ℃
Днем10.59 ℃
Вечером8.74 ℃
Ночью8.14 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра8.02 м/с
2026-04-12
Утром8.42 ℃
Днем14.24 ℃
Вечером16.77 ℃
Ночью13.8 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.16 м/с