Оралда полиция өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен тұрғынды ұстады

Орал қаласында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған азамат мас күйінде бөтен көлікті заңсыз иемденіп, полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қолға түсті.

Сурет: Polisia.kz

Оқиға 7 тамыз күні сағат 08:00 бен 16:00 аралығында болған. Белгісіз тұлға қаладағы ғимараттардың бірінің алдында тұрған Volkswagen Golf автокөлігін заңсыз айдап кеткен.

Аталған жайт жөнінде дереу хабар түскен соң, жедел басқару орталығының үйлесімді жұмысы нәтижесінде күдікті азамат С. Датов көшесіне қарама-қарсы орналасқан «Арман» супермаркеті маңынан анықталып, «Автоураган» жедел тобының көмегімен ұсталды.

Тексеру барысында 1995 жылы туған азаматтың бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Соған қарамастан ол мас күйде рөлге отырып, өзіне тиесілі емес көлікті заңсыз айдап кеткен. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал көлік құралы заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы, 1-бөлігі — (Автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену) және 346-бабы — (Көлік басқару құқығынан айырылған, мас күйдегі адамның көлік басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.09 ℃
Днем14.84 ℃
Вечером15.89 ℃
Ночью12.3 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.68 м/с
2026-04-20
Утром9.49 ℃
Днем13.06 ℃
Вечером13.8 ℃
Ночью11.27 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.65 м/с