429 миллион теңге айыппұл және жеті жылға бас бостандығынан айыру: БҚО-да ер адам ақбөкеннің мүйізін сақтағаны үшін сотталды
Сот оған мүлкін тәркілемей жеті жылға бас бостандығынан айыру және аңшылық қызметке бес жылға тыйым салу түріндегі жаза тағайындады.

Бәйтерек ауданының соты ақбөкеннің мүйізі табылған аймақ тұрғынын кінәлі деп тапты. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам Бөкей-Орда ауданында болған кезде киік мүйізін жинауға тыйым салынғанына қарамастан, 291 мүйіз жинап, тасымалдаған. Оған аса ірі мөлшерде — 429 079 500 теңге шығын есептелді.
Сот оған мүлкін тәркілемей жеті жылға бас бостандығынан айыру және аңшылық қызметке бес жылға тыйым салу түріндегі жаза тағайындады.
Рақымшылықты ескере отырып, мерзім бестен біріне қысқарды. Бұдан басқа, сотталған мемлекетке келтірілген залалды өтеуге және өндіріп алу сомасының 1% мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуге міндетті.
