Қай өңірлер қыста жылусыз қалуы мүмкін: Қазақстанда 10 ЖЭО әлі де «қызыл» аймақта

Семей, Теміртау, Петропавл, Орал, Қызылорда, Тараз халқы алдағы қыста жылусыз қалуы мүмкін. Себебі аталған аймақтардағы жылу электр орталықтары (ЖЭО) апат қаупі жоғары «қызыл аймаққа» кіріп отыр. 

Соңғы жылдары жөндеу және жаңарту жұмыстары жүргізілгенімен, оннан астам нысан энергетикалық қауіп деңгейінде тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, осыдан үш жыл бұрын жылыту маусымының қорытындысы бойынша 19 жылу электр орталығы – қызыл, 11-і сары, ал 7-еуі жасыл аймақта болған. Жаңа маусым алдында 9 станция «қызылдан сарыға», 3 станция «сарыдан жасыл деңгейге» өткен. Алайда 10 ЖЭО әлі де жоғары қауіп тобына жатқызылып отыр.

Әсіресе, Семейдегі «Теплокоммуэнерго» ШЖҚ МКК қазандығы, Теміртаудағы «Bassel Group LLS» ЖШС-на қарасты ГРЭС-1, сондай-ақ Петропавлдағы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-2 және Павлодардағы «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-2 мекемелері апаттық деңгейде жұмыс істеп тұр.

Сол сияқты Оралдағы «Жайықжылутехноком» АҚ, Қызылордадағы «Кызылордатеплоэлектроцентраль» ШЖҚ МКК және Тараздағы «Таразэнергоорталық» АҚ ЖЭО-4 те «қызыл аймақтағы» маңызды нысандар қатарында.

Бұдан бөлек, Арқалықтағы «Арқалық жылуэнергетикалық компаниясы» ШЖҚ МКК, Степногорскідегі «Степногорск ЖЭО» ЖШС және Маңғыстау облысындағы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-2 нысандары да ерекше бақылауды қажет етеді.

Айта кетейік, қазір сары аймақта:

  1. Қарағанды «Энергоорталығы» ЖШС – ЖЭО-1
  2. «Согрин жылу электр орталығы» ЖШС
  3. «Қостанай жылу электр орталығы» ШЖҚ МКК
  4. 3-Энергоорталық АҚ – ЖЭО-3
  5. МАЭК «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС – ЖЭО-1
  6. «АЛЭС» АҚ – ЖЭО-2
  7. «Қазақстан алюминийі» АҚ – ЖЭО-1
  8. «АЛЭС» АҚ – ЖЭО-3

Қызылдан сары деңгейге өткендер:

  1. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС
  2. «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС (Өскемен)
  3. «Kazakhmys Energy» ЖШС (Жезқазған)
  4. «Kazakhmys Energy» ЖШС (Балқаш)
  5. «ССГПО» АҚ (Рудный)
  6. «Риддер ТЭЦ» АҚ (Риддер)
  7. «Кентау сервис» ШЖҚ МКК – ЖЭО-5
  8. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ – ЖЭО-2 (қазір «Qarmet» АҚ ТЭЦ-2)
  9. «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС (Шахтинск)

Жасыл аймақта:

  1. Астана-Энергия АҚ – ЖЭО-1
  2. Ақтөбе ЖЭО АҚ
  3. «Атырау МӨЗ» ЖШС – жылу электр орталығы
  4. Астана-Энергия АҚ – ЖЭО-2
  5. «Павлодарэнерго» АҚ – ЖЭО-3
  6. Орал газ-турбиналық электр станциясы ЖШС (ГТЭС)
  7. «АЛЭС» АҚ – ЖЭО-1

Сарыдан жасыл деңгейге өткендер:

  1. Текелі энергетикалық кешені ЖШС – ЖЭО
  2. Қарағанды Энергоорталығы АҚ – ЖЭО-3
  3. Атырау жылу электр орталығы АҚ.

Қазақстандағы ТЭЦИнфографика: Stan.kz

ЖЭО-лардың қызыл, сары және жасыл аймақтарға бөлінуі не білдіреді?

Жылу электр орталықтарының (ЖЭО) техникалық жағдайын бағалау үшін олар қызыл, сары және жасыл аймақтарға бөлінеді. Бұл жіктеу станциялардың жабдықтарының тозу деңгейіне, жұмыс істеу қабілетіне және қауіпсіздік жағдайына байланысты жасалады.

Қызыл аймақ – ең жоғары тәуекел деңгейін білдіреді. Бұл аймақтағы ЖЭО-ларда негізгі жабдықтардың (энергоблоктар, қазандықтар, турбиналар) тозу деңгейі өте жоғары. Мұндай нысандарда апат немесе технологиялық ақаулардың туындау қаупі бар. Сонымен қатар, жылу беру кестесінің бұзылуы немесе сапасының төмендеуі байқалуы мүмкін. Уақтылы жөндеу жүргізілмеген немесе техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз болып есептеледі.

Сары аймақ – орташа тәуекел деңгейін білдіреді. Бұл аймақтағы ЖЭО-лардың жабдықтары тозғанымен, жағдай аса күрделі емес. Техникалық жағдайында кейбір ескертулер бар, бірақ олар қауіпті емес. Мұндай станциялар тұрақты жұмыс істеп тұр, алайда жаңғыртуды немесе жоспарлы жөндеуді қажет етеді.

Жасыл аймақ – техникалық жағдайы жақсы станцияларды қамтиды. Бұл нысандарда жабдықтардың тозу деңгейі төмен, жүйелі ақаулар жоқ. Олар жылу беру маусымына толық дайын және штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Бұдан бөлек Қазақстанда биыл жылу электр станцияларында апаттардың алдын алу мақсатында 10 энергоблокқа, 63 қазандыққа, 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазір 5 энергоблок, 30 қазандық, 19 турбинада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар 4 энергоблок, 15 қазандық, 9 турбинаның жөндеуі аяқталған.

Сала мамандарының айтуынша, ЖЭО-лардың орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға дейін төмендеген. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром9.99 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с