EC-145 тікұшағы апаты: екінші адамның денесі табылды

25 шілдеде Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы жоғалып кеткен. БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, тікұшақ бортында үш адам болған. 

EC-145 тікұшағы құлаған аумақта іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде екінші адамның денесі судан шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта марқұмның жеке басын анықтау рәсімі құзыретті органдардың қатысуымен жүргізіліп жатыр.

Ведомство іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және өзге де ведомстволардың күш-құралдары жұмылдырылып, тәулік бойы жалғасып жатқанын хабарлады.

Қорғаныс министрлігі

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, кеше, 9 тамызда Қазақстанда іздеу-құтқару операциясы кезінде тікұшақтың су астындағы сынықтары мен бір адамның мәйіті табылды.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

25 шілдеде Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы жоғалып кеткен. БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, тікұшақ бортында үш адам болған. Кейін олардың Амангелді Аман, Ержігітов Бақтияр және Уйсенбаев Нұржігіт екені айтылған.

Әскери тікұшақтың жоғалғанына екі аптадан асқан. Осы уақыт ішінде көлдің тек 50%-ы зерттелген. Төтенше жағдайлар министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, су тереңдігі 25 метрге дейін жетеді. Ізестіру жұмыстарына кедергі көп.

– Батпақтан көл түбі көрінбейді, айналада қамыс көп. Осының барлығы іздеу жұмыстарын қиындатып отыр, – деді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-13
Утром11.97 ℃
Днем20.7 ℃
Вечером19.03 ℃
Ночью17.74 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.37 м/с
2026-09-14
Утром14.95 ℃
Днем19.65 ℃
Вечером20.04 ℃
Ночью17.24 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.15 м/с