«Лудомания» дертіне ем бар ма?

Лудомания – кедейлік пен қылмысқа бастайтын тура жол. Бірақ қоғам бұл мәселенің маңызын түсінсе де, көп айта бермейтіні анық. Бұл тақырып түрлі ортада ашық талқыланғанымен, жақындардың арасында жабық күйінде қалуда. Өйткені, қоянның түбіне қамыс, адамның түбіне ұят пен намыс жетеді. Бәс тігу үшін адамдар бар тапқанын аямай, ортақ отбасылық мүлікті сатып, қарыз бен несиеге батады, қылмысқа да барады. Мәселенің шешімі табылмаса, бұл қасірет түбімізге жететіні ақиқат.

(Сурет:https://maqat-tynysy.kz/)

Лудомания жас пен ортаны талғамайтын қауіпті проблема. Шындығы сол, дәл қазір букмекерлік кеңсе мен онлайн-казиноларда кімнің бәс тігіп жатқанын бақылау мүмкін емес. Бұл 21 жасқа толмаған жас па, қарызға белшесінен батқан борышкер ме – бәрі бірдей бәс тіге алады. Шектеу мүлдем жоқ.

Қоғам көз жасын ойламақ түгілі, букмекерлер үшін лудомания түбі жоқ алтын қазына. Сондықтан да бұл проблема өз еркімен ешқашан шешіле қоймас. Биылдың өзінде Туризм және спорт министрлігі 8 букмекерлік кеңсеге қатысты 150 әкімшілік іс қозғауға бастамашы болды. Бірақ бұл істердің барлығы букмекерлерге ауыртпалық түсірмейді, өйткені қалтасы қалың.

Мемлекет енгізіп жатқан Бірыңғай есепке алу жүйесі – осы түйткілді мәселені шеше алатын цифрлық платформа. Бұл жүйе ойын бизнесі нарығындағы жағдайдың ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтарды лудоманиядан сақтап, керек болса қорғауға арналған.

Ақшалай бәстерді бақылауға арналған аталмыш платформа қоғам, мемлекет пен бизнес үшін де керемет шешім болмақ. Жүйе іске қосылатын болса, бәс төлемдері тексеріліп, бақылау арқылы салықтан жалтарудың мәселесі де шешімін табады. Бұл өз кезегінде ел қазынасына түсетін қаржының артуына да сеп болады. Түсінікті әрі ортақ ереженің арқасында бизнес өкілдерінің таза, тұрақты және ешқандай үрейсіз жұмыс істеуіне мүмкіндігі пайда болады.

Mezgil.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром11.83 ℃
Днем25.82 ℃
Вечером25.23 ℃
Ночью22.1 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.46 м/с
2026-08-18
Утром17.51 ℃
Днем31.08 ℃
Вечером33.08 ℃
Ночью21.2 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.84 м/с