БҚО-да полицейлер екі айда 56 есірткі құқық бұзушылығын әшкереледі
Оның ішінде 20 – қылмыстық құқық бұзушылық, 36 – қылмыстық теріс қылық. 20 қылмыстық істің санаттары мынадай: 9 – есірткі сату фактісі, 8 – тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру, 2 – есірткіні контрабандалау, 1 – есірткі тұтынуға арналған притон ұйымдастыру.

1 маусым мен 31 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысында «Қарасора-2025» кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Оның мақсаты – құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіруді және тарату жолдарын жою, сондай-ақ есірткі айналымына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтату. Іс-шара басталғалы екі ай ішінде 56 есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталды.
Оның ішінде 20 – қылмыстық құқық бұзушылық, 36 – қылмыстық теріс қылық. 20 қылмыстық істің санаттары мынадай: 9 – есірткі сату фактісі, 8 – тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру, 2 – есірткіні контрабандалау, 1 – есірткі тұтынуға арналған притон ұйымдастыру.
Жалпы көлемі шамамен 15 келі марихуана тәркіленді. Атап айтқанда операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Орал қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде оның қалтасынан жасыл изолентаға оралған 9 орама табылды.
Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті зат болған. Бұдан бөлек, жасырылған орындардан осындай тағы 2 орама тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
