БҚО тұрғынынан киік мүйізі тәркіленді

Тінту нәтижесінде тіркелмеген «Стечкин» автоматты тапанша мен оның оқжатары, «Сайга-410К» үлгісіндегі өздігінен атылатын тегіс ұңғылы карабин, екі тіркелген тегіс ұңғылы мылтық, әртүрлі калибрдегі 114 дана оқ-дәрі, сондай-ақ төрт дана киік мүйізі анықталып, тәркіленді.

Батыс Қазақстан облысында полицейлер заңсыз қару мен киік мүйіздерін тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келе жатқан полиция қызметкерлері кезекті заңбұзушылықтың жолын кесті.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Тасқала ауданы аумағында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде санкцияланған тінту жүргізілді.

Тінту нәтижесінде тіркелмеген «Стечкин» автоматты тапанша мен оның оқжатары, «Сайга-410К» үлгісіндегі өздігінен атылатын тегіс ұңғылы карабин, екі тіркелген тегіс ұңғылы мылтық, әртүрлі калибрдегі 114 дана оқ-дәрі, сондай-ақ төрт дана киік мүйізі анықталып, тәркіленді.

Фото: БҚО ПД

Заңсыз сақталған барлық қару-жарақ пен жануар тектес өнімдердің 53 жастағы шаруа қожалығының басшысына тиесілі екені белгілі болды. Күдікті ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.24 ℃
Днем16.6 ℃
Вечером16.56 ℃
Ночью13.01 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.52 м/с
2026-04-20
Утром9.69 ℃
Днем12.64 ℃
Вечером12.33 ℃
Ночью9.59 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.78 м/с