«Естелікке сақтауға болады»: еңбек кітапшасы енді керек емес

Министрдің айтуынша, бүгінде еңбек кітапшасына қажеттілік жоқ. Жұмысқа орналасу үшін еңбек шартына қол қойып, оны электронды форматта тіркеу жеткілікті. 

Ашық дереккөзден

Енді қазақстандықтар, соның ішінде жастар, бұрынғыдай еңбек кітапшасын жүргізбейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп жазады digitalbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде еңбек кітапшасына қажеттілік жоқ. Жұмысқа орналасу үшін еңбек шартына қол қойып, оны электронды форматта тіркеу жеткілікті. Мұны Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі арқылы жасауға болады.

«Қазір еңбек өтілі еңбек кітапшасымен емес, зейнетақы аударымдары арқылы есептеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, егер жұмыс беруші сіз үшін аударым жасаса, сіздің еңбек өтіліңіз жүріп жатыр деген сөз», — деді Жақыпова.

Министр еңбек кітапшасын «архаизм» деп атап, бұл тәжірибеден әлдеқашан бас тарту керек болғанын айтты. «Еңбек кітапшасын тек естелік үшін ғана сақтауға болады», — деп түйіндеді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-10
Утром18.71 ℃
Днем23.7 ℃
Вечером24.29 ℃
Ночью20.18 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.06 м/с
2026-06-11
Утром16.67 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером25.16 ℃
Ночью18.57 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.29 м/с