БҚО-да мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бұзылған

Сырым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы» ескертілді.

БҚО Сырым ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйін тексеру барысында инватакси қызметтерін көрсетуде заңды бұзушылықтарды анықтады.

Бұл қызмет кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы құрылғымен жабдықталмаған көлікте; көліктерде арнайы балаларды ұстау құралын қолданбай (болмаған) және ерекше такси белгісін қолданбай жүзеге асырылғаны анықталды. 

Сондай-ақ, инватакси қызметін көрсететін жеткізуші біліктілік талаптарына сәйкес келмеді.

Аудан прокурорының ұсынуы бойынша 2025 жылға арналған инватакси қызметтерін көрсету конкурсының шарттары заңнамаға сәйкес қойылып, қазір күндізгі және түнгі жұмыс кестесін, демалыс және мереке күндерін қамтиды. Сонымен қатар, Сырым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы» ескертілді.

Бұдан басқа, 6 млн теңгеден астам соммаға жалған маршруттық парақтар жасау деректері анықталып, олар бойынша жинақталған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру уәкілетті органына жолданды. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.88 ℃
Днем13.57 ℃
Вечером11.13 ℃
Ночью8.84 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.47 м/с
2026-10-10
Утром6.6 ℃
Днем17.38 ℃
Вечером15.94 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.32 м/с