Оралда екі қыздан 1,6 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оралда 1,6 келіге жуық синтетикалық есірткімен екі қыз ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында eсірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні тығып кету әдісімен таратты деген күдікпен 26 жастағы екі азаматшаны ұстады.

Күдіктілер қала маңындағы орман алқабында қолға түсті. Жеке тінту барысында олардың жанынан ұнтақ тәріздес зат салынған 30 орама табылды.

Жалға алған пәтерін тінту кезінде ұқсас заттар салынған 125 орама, ақ және қызыл түсті ұнтақ тәріздес заттары бар 5 контейнер, қара-сұр түсті тас тәріздес зат салынған 1 контейнер, сондай-ақ электронды таразы, zip-пакеттер және оқшаулағыш ленталар тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттар: «Alpha-PVP» — 817,16 грамм, мефедрон — 782,44 грамм, гашиш — 192,13 грамм. Барлығы 1 келі 599,6 грамм есірткі заты анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде: жеткізу арналары мен ықтимал сыбайластар анықталып жатыр.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-11
Утром9.36 ℃
Днем18.19 ℃
Вечером19.12 ℃
Ночью15.12 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.84 м/с
2026-09-12
Утром15.07 ℃
Днем20.72 ℃
Вечером18.85 ℃
Ночью14.43 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.94 м/с