БҚО-да колония аумағына тыйым салынған затты алып кіру әрекеті әшкереленді

Сотталғандардың біріне арналған пошта сәлемдемесін тексеру барысында шай қаптамасының ішінен ерекше иісі бар қою жасыл түсті, өсімдік тектес зат салынған 19 шай қалташасы табылды.

БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №28 мекемесінде тыйым салынған затты жеткізу әрекеті әшкереленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде колония аумағына тыйым салынған затты жеткізуге бағытталған кезекті әрекет дер кезінде тоқтатылды.

Оқиға 14 тамыз күні шамамен сағат 15:50-де болды. Сотталғандардың біріне арналған пошта сәлемдемесін тексеру барысында шай қаптамасының ішінен ерекше иісі бар қою жасыл түсті, өсімдік тектес зат салынған 19 шай қалташасы табылды.

Заңға қайшы заттар мекеме тексеру тобы мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің үйлесімді жұмысының арқасында анықталды. Оқиға орнына Орал қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, алғашқы тергеу материалдары жиналды.

БҚО ҚАЖ департаменті мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін хабарлады.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-15
Утром5.58 ℃
Днем10.17 ℃
Вечером7.22 ℃
Ночью7.04 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.64 м/с
2025-11-16
Утром5.67 ℃
Днем6.26 ℃
Вечером3.55 ℃
Ночью0.45 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.75 м/с