Батыс Қазақстанда асыл тұқымды қойлардың қазіргі жағдайы қалай

Батыс Қазақстан облысында биылғы жыл басында 1 млн 200 мыңдай қой тіркелген.

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллиннің мәлім еткеніндей, соның 60 пайызы немесе 708 мыңы агроқұрылымдарда, ал 40 пайызы (469 мыңы) жеке қосалқы шаруашылықтарда өсіріледі.

Жасұлан Жолдыбайұлының сөзіне қарағанда, өңірде әрқайсысында қой саны 1 мыңнан асатын 100 шаруашылық бар. 

  • Жыл санап асыл тұқымды қой саны, оның жалпы мал басындағы үлесі өсіп келеді. Қазіргі таңда облыста 76 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады. Соның 90 пайызы дерлігі – Еділбай қойлары, — дейді Ж.Халиуллин. 

Оның айтуынша, көп ғасырлық халықтық селекция нәтижесінде табиғи іріктелу жолымен шығарылған Еділбай қойы қатаң климатқа бейімделген. Ол төзімділігімен, ірі денесімен, өсімталдылығымен ерекшеленеді. Бұл тұқымның генетикалық ақауы жоқ. Қозысы да 98 пайызға дейін сақталады.

Республикадағы Еділбай қойының үздік тұқымы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы «Бірлік мал зауыты» ЖШС-да сақталған. 

Өңірде 1996 шығарылған Ақжайық етті-жүнді кроссберд қой тұқымы да өсімтал, еті мен жүнінің сапасы жоғары. Бұл қой негізінен «Қуаныш» шаруа қожалығында бағылады. Мұның қошқарлары отарларды тауарландыруды жақсартуға елеулі түрде әсер етуде. Айталық, өткен жылы тұқымдық түрлендірумен 193 мың саулық қамтылды. 

  • Бұл тауарлы қой өнімділігінің өсуіне септігін тигізді. Өткен жылы өндірілген 7,3 мың тонна қой еті облысты қамтып қана қоймай, шет елдер мен Қазақстанның өзге өңірлеріне жөнелтілді. 2024 жылы 400 тоннадай қой еті мен 4 мың бас қой Әзербайжан, Өзбекстан және Иранға сатылды.

Бұдан бөлек, еліміздің басқа аймақтарына 125 мың бас қой өткізілді, — деді Ж.Халиуллин. 

Басқарма басшысы келтірген деректерге қарағанда, облыста тірі қойды қабылдау мен оның етін экспорттауға арналған, қуаттылығы тәулігіне 1 мың басқа дейін «Кублей» және «Батыс-Нық» ет өңдеу кешендері жұмыс істейді. Бұдан бөлек, қуаттылығы тәулігіне 1 400 бас қозы соя алатын «Батыс Марка Ламб» ЖШС инвестициялық қолдауға мұқтаж болып отыр.

  • Салаға елеулі түрде мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Соңғы 10 жылда асыл тұқымды қой сатып алу шығынын арзандату және асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшін қой өсірушілерге 5 миллиардтай теңге өтеусіз субсидия төленді. Оған қоса фермерлер «Алтын асық», «Сыбаға», «Агробизнес», «Ауыл аманаты» бағдарламалары бойынша жеңілдетілген несие алып келеді.

Биылғы 1 тамыздан мал бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кешендерін ұстау үшін айналымдық қаржыны толықтыруға несие беріле бастайтыны, сондай-ақ асыл тұқымды қой сатып алуды 5 пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру үшін «Игілік» бағдарламасының іске қосылуы шаруаларға кең жол ашып отыр, — деп түйіндеді сөзін Ж.Халиуллин.

inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером7.73 ℃
Ночью7.21 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с