Қазақстанда жол құрылысы тек цифрлық теңге арқылы қаржыландырылмақ

Қазақстанда автожол саласындағы барлық жоба «Цифрлық теңге» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«ОА» мұрағатынан

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда жол құрылысы тек цифрлық теңге арқылы қаржыландырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда автожол саласындағы барлық жоба «Цифрлық теңге» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қаражатты мақсатсыз пайдалануға қатысты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сұраққа жауап бере отырып, Нұрлан Сауранбаев теміржолдағы ірі жобаларды жүзеге асыру цифрлық теңгеге ауыстырылғанын хабарлады. Мұндағы қаржыландырудың бүкіл процесін Ұлттық банк реттейді. Сондықтан да бұл қаражатты нақты мақсатына сәйкес жұмсауға мүмкіндік береді.

«Автожолдарға келетін болсақ, біз Павлодар мен Атырауда екі жоба бойынша осындай пилоттық жобаны бастадық. Қазірдің өзінде баға айырмашылығын сезініп отырмыз. Біз автожолдар бойынша барлық жобаны цифрлық теңге арқылы жүзеге асыратын боламыз. Осындай бақылаудың арқасында ақша мақсатсыз жұмсалмайтын болады», — деп атап өтті министр.

Спикер осы жүйенің арқасында қаражатты аударудың барлық процесі ашық және бақылау оңай болатынын түсіндірді. Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп мұның бәрі қатаң бақыланады.

«Цифрлық теңге» дегеніміз, бұл – үлкен бағдарлама. Премьер-министр тиісті жиын өткізіп, тапсырма берді. Пилоттық бағдарлама іске қосылды. Жол картасы бойынша мерзімдер белгіленді. Біз құрылыс жұмыстары цифрлық теңге арқылы жүзеге асырылуға тиіс деген шарт қоямыз. Бұл басқа жерге ақы төлеуге мүмкіндік бермейтін жүз пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером19.99 ℃
Ночью16.56 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром16.09 ℃
Днем22.17 ℃
Вечером13.7 ℃
Ночью12.41 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.51 м/с