Оралда ер адам автобуста жолаушыларға көзді ашытатын баллонды шашып жіберген

Оқиға үш күнге созылған Myfest ашық ауадағы фестивалінен кейін болған. Музыкалық шара қаланың шағын ауданында өтіп, одан Оралға дейін арнайы автобуспен тасымалдау ұйымдастырылған.

Сурет: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде ер адамның автобус жолаушыларына көзді ашытатын бұрышты баллонды шашқан видеосы тарады. Кейін автобус ішінде бірнеше адамның қатысуымен төбелес болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға үш күнге созылған Myfest ашық ауадағы фестивалінен кейін болған. Музыкалық шара қала сыртында өтіп, одан Оралға дейін арнайы автобуспен тасымалдау ұйымдастырылған.

Мерекеден шыққан соңғы автобустардың бірінде жанжал туындаған. Жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде видео жариялап, жағдайды баяндаған. Оның айтуынша, мас әйел келіп, орнын босатуды талап еткен. Жас жігіт қарсы болған, себебі қасында жақын адамы отырған. Одан арғы оқиғаны видеодан көруге болады.

Кадрларда қыз бен оны құшақтап отырған жігіт қосарланған орында отырғаны, басқа жолаушылармен айқайлап сөйлесіп жатқаны байқалады. Кейін ер адам артына бұрылып, артқы орында отырған қыздың бетіне баллоннан бүркіп жібереді. Сосын видеоны түсіріп отырған жігіттің бетіне шашып, тағы бірнеше жолаушыға шабуылдайды. Алғашқы зардап шеккен қыз айналасындағыларға көмектесіп, агрессорға бірнеше соққы жасайды.

Оқиға айқай-шумен, бейәдеп сөздермен өрбіген.

– Ол төбелесті өзі бастады, жанжал шығарды, кейін әлгі еркек қосылды. Соңында менің бетіме бұрыш шашты, көзімді жұмып үлгермедім. Олар ары қарай төбелесті, ол тағы бірнеше адамға баллоннан шашып үлгерді, досымды да бүркіп, соңынан қуды. Жалпы, мас хайуандар сияқты. Содан кейін жедел жәрдемге бардық, маған тамыр арқылы дәрі беріп емдеді, сосын босатты. Қазір арыз жазуға бара жатырмын, пайдасы болады деп үміттенемін, – деді видеоны жариялаған жігіт.

Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. Біреуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған жайттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады полиция.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером19.99 ℃
Ночью16.56 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром16.09 ℃
Днем22.17 ℃
Вечером13.7 ℃
Ночью12.41 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.51 м/с