«400-ге жуық адам жұқтырған»: Ресейде коронавирустың жаңа түрі тез таралып жатыр

XFG штаммы тез тарағанымен көбіне жеңіл түрде өтеді. 

Фото: Мир 24

Ресейде жаңа SARS-CoV-2 коронавирусының XFG штаммын (Стратус) жұқтырғандар саны артып келеді. Роспотребнадзор бұл инфекция бұрынғы түрлеріне қарағанда жылдам тарайтынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Роспотребнадзордың мәліметінше, қазір 384 жағдай анықталды. Ведомство басшысы Анна Попова “Стратус” штамымен жұқтыру жағдайлары күн сайын өсіп жатқанын хабарлады.

“Олардың саны 300-ге жеткен, одан 384 болды, алдағы уақытта бұдан да көп болады”, – деді Анна Попова.

Вирус жұқтырған науқастарда мынадай белгілер байқалады: жөтел, тамақтың ауруы, дауыс қарлығуы немесе қырылдауы, тұмау, бас ауруы, жалпы әлсіздік пен шаршағыштық, сондай-ақ бұлшықеттердің сырқырауы. Ерекше белгілердің бірі – дауыс қарлығуы. Әдетте инфекция асқынуларға әкелмейді. 

Анна Попова коронавирус геноварианттарының әрқайсысы вирусқа тіршілік етуге және эволюциялануға мүмкіндік беретін ерекше қасиеттерге ие болатынын атап өтті. Сонымен қатар инфекцияның салдары әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан алдын алу шараларын сақтап, күтіну керегін ескертті.

“Ресейде “Стратус” штаммын алғаш рет жұқтыру жағдайы 2025 жылы 24 сәуірде тіркелген, ал әлемде алғаш рет бұл вирус биыл 27 қаңтарында Канадада анықталған. Шілде айының соңына қарай Ресейде 114 расталған жағдай тіркелді. Аурудың 54%-ы Мәскеуге тиесілі болды, қалғаны Мәскеу, Магадан, Свердлов және Ленинград облыстарында тіркелді”, – деп мәлімдеді Роспотребнадзор.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа штаммның бақылауда екенін айтып, алаңдауға негіз жоқ деп сендірді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.31 ℃
Днем5.83 ℃
Вечером4.9 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.73 ℃
Днем3.09 ℃
Вечером1.2 ℃
Ночью-1.88 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.56 м/с